Қоғам

Отбасылық дуэт: қазақстандық балалар ресейлік байқауда жұртты таңғалдырды

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон, сцена, иллюстративное фото
Микрофон, сцена, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазылар алқасының мүшелері Алла Пугачеваның әнін орындаған аға мен қарындастың музыкалық және вокалдық қабілетінің жоғары екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазақстандық жас әртістер Алина және Элиш Сансызбай ресейлік "Синяя птица" таланттар байқауының жетінші маусымына қатысып, қазылар алқасын өз өнерімен баурап алды.

Алина вокалмен айналысып жатқанда, ағасы фортепианода ойнауды үйренген. Нәтижесінде дуэт шықты. Алина ән салады, Элиш сүйемелдейді.

Жобада өнер көрсету үшін олар Алла Пугачеваның "Көне сағаттар" ("Старинные часы") әнін таңдады. Қазылар алқасының мүшесі, танымал әнші Дима Билан 12 жастағы қыздың ән мәтінін терең сезінгенін атап өтті.

"Қандай ән айтып жатқаныңызды түсінгеніңіз қатты ұнады. Өмірімде көп жарысқа қатысқанымда маған үнемі "мұндай сөздер үшін әлі ерте" деп айтатын. Алайда сіз расымен де сезініп, түсініп тұрсыз, бұл сирек кездесетін жағдай", - деді Билан жас әртістердің қойылымынан кейін.

Ол сондай-ақ Алинаның ағасы Элиш Сансызбайдың фортепианода ойнағанын атап өтіп, қызықты дуэт шығуы мүмкін екенін айтты.

"Бұл жай ғана вокал емес, тіпті театр болды десе болады. Жарайсыңдар, балалар", - деді қазылар алқасының мүшесі, пианист Денис Мацуев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 12 (@alina.sansyzbay.official)

"Синяя птица" байқауының қазылар алқасының құрамында бар ресейлік актер Сергей Безруков та балалардың өнеріне қатысты жағымды пікір білдірді. Ал балет әртісі Николай Цискаридзе Алина өзінің жасына тым "ересек" және драмалы әнді таңдағанын айтты.

Байқау ережелеріне сәйкес, қазылар алқасының төрт мүшесі әншіге қосымша ән салуы үшін 15 секундтан уақыт бере алады. Цискаридзеден басқасының бәрі мұны бірден жасады. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алина мен Элиштің қойылымы кезінде жұмсарып, оларға 15 секунд қосымша уақыт қосты. Әнші джаз стиліндегі әнді орындады, оған Николай Цискаридзеге риза болды.

"Бұл сізге арналған мәтін, музыка. Есіңізде болсын, драмаға араласпаңыз. Асықпаған дұрыс", - деді ол.

Дима Билан өз кезегінде қазақстандықтарды қолдады.

"Екі есе сенемін", - деді ол екінші қойылымнан кейін.

Ағасы мен қарындасының дуэті финалға жетті, сондай-ақ, көрермендерден дауыс жинай алады. Нәтижесінде оларға конкурстың жеңімпазы болу мүмкіндігі туды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 12 (@alina.sansyzbay.official)

Бүкілресейлік "Синяя птица" байқауы – дарынды балаларға арналған жоба. Олар өздерінің арманына қадам жасау үшін бүкіл Ресейден келеді. Балалар ән айтып, би билейді, музыкалық аспаптарда ойнайды, күрделі трюктерді орындайды, өлең мен проза оқиды.

Алина Сансызбай 2016 жылы Украинада өткен "Голос. Дети" байқауына қатысқан болатын. Сондай-ақ, 2017 жылы ресейлік "Голос" байқауына қатысып, екінші орын алды.

Жаңалықтар
0