Экономика

Парламент үш жылға арналған бюджет туралы заң қабылдады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 15,2 миллиард теңгеге және 2022 жылы 4,7 миллиард теңгеге ұлғайтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Мәжіліс "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. Заң президенттің қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұған дейін сенат "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына 39 түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарған еді. 

Атап айтқанда, республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 15,2 миллиард теңгеге және 2022 жылы 4,7 миллиард теңгеге ұлғайтылып отыр. 

Шығыстарды қайта бөлу негізінде қосымша қаржы газдандыру, баспана құрылысы, инфрақұрылымдық және өзге де жобаларға бөлінеді. 

"Сенат енгізген түзетулер 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, қаржы және бюджет комитеті заң жобасын парламент сенаты енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуді ұсынады", - деді қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева. 

Осылайша парламент үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Құжат президентке жолданады.

Жаңалықтар
0