Биылғы жылы әрі ашық ауа райы Алматы мен Алматы облысының тұрғындары үшін қарашаның ортасына дейін жайлы болып тұрды: ауа температурасы он градустан төмендеген жоқ.
Бұл әуесқой фотографтар үшін танымал туристік бағыттар бойынша серуендеп, қоңыр күздің соңғы күндерін суретке түсіруге мүмкіндік берді.
Оқи отырыңыз: Мылтық атылмайды: Салбурын немесе ұлттық аңшылық ерекшеліктері - фото
Бірнеше күнге жалғасқан саяхатта Sputnik Қазақстан фототілшісі туризм қауымдастығының өкілдерімен бірге Көлсай мен Есік және Қайыңды көлін, Шарын шатқалын, Әнші құм мен Іле өзенінің маңайын аралап, Алматы облысының басты туристік бағыттары бойынша жүріп өтті.
© Sputnik / Тимур БатыршинЕсік көлі Алматыдан 40 шақырым жерде Іле Алатауы шатқалдарының бірінде орналасқан. Қаладан алыс болмағандықтан, бұл алматылықтар үшін де, мегаполис қонақтары үшін де сүйікті демалыс орындарының бірі.
1/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Есік көлі Алматыдан 40 шақырым жерде Іле Алатауы шатқалдарының бірінде орналасқан. Қаладан алыс болмағандықтан, бұл алматылықтар үшін де, мегаполис қонақтары үшін де сүйікті демалыс орындарының бірі.
© Sputnik / Тимур БатыршинЕсік көліне саяхат жасау жыл бойы қолжетімді. Сондықтан бұл жерде туристерді жиі кездестіруге болады. Көп адам ол жерге фотосессия жасау үшін барады. Өйткені қылқан жапырақты ағаштар көбірек өсетін таулардың аясындағы судың көрінісі шынымен де ертегіге ұқсайды.
2/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Есік көліне саяхат жасау жыл бойы қолжетімді. Сондықтан бұл жерде туристерді жиі кездестіруге болады. Көп адам ол жерге фотосессия жасау үшін барады. Өйткені қылқан жапырақты ағаштар көбірек өсетін таулардың аясындағы судың көрінісі шынымен де ертегіге ұқсайды.
© Sputnik / Тимур БатыршинКөл атауы қазақтың Есік сөзінен шыққан. Есік көлі теңіз деңгейінен 1 714 метр биіктікте орналасқан.
3/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Көл атауы қазақтың Есік сөзінен шыққан. Есік көлі теңіз деңгейінен 1 714 метр биіктікте орналасқан.
© Sputnik / Тимур Батыршин2019 жылы Есік көлінің селден қорғау бөгетінен төменірек екінші жеке меншік су электр станциясының салынуы су деңгейінің нөлге дейін төмендеуіне әкелді. Есік қаласының тұрғындары мен экологтар бұл жағдайға бей-жай қарамай, билікті экологиялық апаттың алдын алуға шақырды.
4/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
2019 жылы Есік көлінің селден қорғау бөгетінен төменірек екінші жеке меншік су электр станциясының салынуы су деңгейінің нөлге дейін төмендеуіне әкелді. Есік қаласының тұрғындары мен экологтар бұл жағдайға бей-жай қарамай, билікті экологиялық апаттың алдын алуға шақырды.
© Sputnik / Тимур БатыршинҰзындығы үш шақырым және биіктігі 150 метр болатын Әнші құм да туристердің ең сүйікті орындарының біріне айналды. Өйткені құрғақ ауа райында құмдар орган деген музыкалық аспаптың әуеніне ұқсас дыбыс шығарады.
5/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ұзындығы үш шақырым және биіктігі 150 метр болатын Әнші құм да туристердің ең сүйікті орындарының біріне айналды. Өйткені құрғақ ауа райында құмдар орган деген музыкалық аспаптың әуеніне ұқсас дыбыс шығарады.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘнші құм Алматы облысындағы Алтын-Емел ұлттық паркінің аумағында Жоңғар Алатауының Үлкен және Кіші Қалқан жоталары арасындағы дәлізінде, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 183 шақырым жерде орналасқан.
6/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әнші құм Алматы облысындағы Алтын-Емел ұлттық паркінің аумағында Жоңғар Алатауының Үлкен және Кіші Қалқан жоталары арасындағы дәлізінде, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 183 шақырым жерде орналасқан.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘнші құм төбесінен айнала ерекше көрінеді. Оңтүстігінде Іле өзенінің жіңішке жолағы мен Сөгеті мен Бөгеті жоталары, оның ар жағынан Кетпен жотасының қарлы шыңдары көз тартады.
7/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әнші құм төбесінен айнала ерекше көрінеді. Оңтүстігінде Іле өзенінің жіңішке жолағы мен Сөгеті мен Бөгеті жоталары, оның ар жағынан Кетпен жотасының қарлы шыңдары көз тартады.
© Sputnik / Тимур БатыршинШарын шатқалы Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытаймен шекаралас жерде орналасқан және ең танымал туристік маршруттардың бірі.
8/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Шарын шатқалы Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытаймен шекаралас жерде орналасқан және ең танымал туристік маршруттардың бірі.
Шатқалда болған көптеген шетелдік туристер бұл жерді АҚШ-тағы Колорадо үстіртіндегі Үлкен Каньонмен салыстырады. Шарын шатқалының ұзындығы Шарын өзенінің бойымен 154 шақырымды құрайды. Оның биіктігі әр тұсында әрқалай – 150-ден 300 метрге дейін жетеді.
9/23
Шатқалда болған көптеген шетелдік туристер бұл жерді АҚШ-тағы Колорадо үстіртіндегі Үлкен Каньонмен салыстырады. Шарын шатқалының ұзындығы Шарын өзенінің бойымен 154 шақырымды құрайды. Оның биіктігі әр тұсында әрқалай – 150-ден 300 метрге дейін жетеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинБұл жердегі ең тартымды орын – Қызыл шатқал немесе "Құлыптар аңғары" деп те аталады. Бұл еріген қар суымен жуылған құрғақ шатқал. Шарын өзеніне перпендикуляр орналасқан. Қызыл шатқалдың ұзындығы шамамен 3 шақырым, ені 20-дан 130 метрге дейін, ал тереңдігі 100 метрге дейін жетеді.
10/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бұл жердегі ең тартымды орын – Қызыл шатқал немесе "Құлыптар аңғары" деп те аталады. Бұл еріген қар суымен жуылған құрғақ шатқал. Шарын өзеніне перпендикуляр орналасқан. Қызыл шатқалдың ұзындығы шамамен 3 шақырым, ені 20-дан 130 метрге дейін, ал тереңдігі 100 метрге дейін жетеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинШарын шатқалының жанында шаған (діңі қатты ағаш) тоғайы орналасқан. Бұған ұқсас жер әлемде тек Солтүстік Америкада ғана бар.
11/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Шарын шатқалының жанында шаған (діңі қатты ағаш) тоғайы орналасқан. Бұған ұқсас жер әлемде тек Солтүстік Америкада ғана бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинШатқал 2004 жылы құрылған Шарын ұлттық паркінің бір бөлігі болғандықтан, мұнда сүтқоректілердің 60-тан астам түрі, құстардың 100-ден астам түрі және бауырмен жорғалаушылардың 25 түрі мекендейді, оның он жетісі Қызыл кітапқа енген.
12/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Шатқал 2004 жылы құрылған Шарын ұлттық паркінің бір бөлігі болғандықтан, мұнда сүтқоректілердің 60-тан астам түрі, құстардың 100-ден астам түрі және бауырмен жорғалаушылардың 25 түрі мекендейді, оның он жетісі Қызыл кітапқа енген.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚытайдан бастау алатын Іле өзені бүкіл Алматы облысын аралай ағып, Балқаш көлінің батыс бөлігіне құяды. Демалыс аймағы мен ірі елді мекендерден алыс жерде демалуды және тыныштықты жаны қалайтын туристер үшін өте қолайлы.
13/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қытайдан бастау алатын Іле өзені бүкіл Алматы облысын аралай ағып, Балқаш көлінің батыс бөлігіне құяды. Демалыс аймағы мен ірі елді мекендерден алыс жерде демалуды және тыныштықты жаны қалайтын туристер үшін өте қолайлы.
© Sputnik / Тимур БатыршинІле – бұл Алматы облысындағы ірі өзен. Оның арналары мен қамыс басқан кішкентай аралдары өте көп. Бұл жерлер аңшылар мен балықшыларды ерекше қызықтырады.
14/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Іле – бұл Алматы облысындағы ірі өзен. Оның арналары мен қамыс басқан кішкентай аралдары өте көп. Бұл жерлер аңшылар мен балықшыларды ерекше қызықтырады.
© Sputnik / Тимур БатыршинӨзен суында ондаған балық түрі тіршілік етеді: сом, сазан, құлан, көксерке, Балқаш алабұғасы, мөңке, жыланбас балық, күміс сазан, тікен балық және тағы басқалар. Жағалауда тырналар мен қырғауыл, үйректердің сан түрі ұя салады. Сонымен қатар, мұнда құндыз бен қоян, түлкі, тіпті қамыс мысықтар да кездеседі.
15/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Өзен суында ондаған балық түрі тіршілік етеді: сом, сазан, құлан, көксерке, Балқаш алабұғасы, мөңке, жыланбас балық, күміс сазан, тікен балық және тағы басқалар. Жағалауда тырналар мен қырғауыл, үйректердің сан түрі ұя салады. Сонымен қатар, мұнда құндыз бен қоян, түлкі, тіпті қамыс мысықтар да кездеседі.
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдан Көлсай көліне саяхатшылар көлікпен шамамен төрт сағатта жетеді. Үш көлден тұратын жүйе оңтүстік астанадан 330 шақырым жерде, Қырғызстан шекарасынан он шақырым қашықта орналасқан.
16/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыдан Көлсай көліне саяхатшылар көлікпен шамамен төрт сағатта жетеді. Үш көлден тұратын жүйе оңтүстік астанадан 330 шақырым жерде, Қырғызстан шекарасынан он шақырым қашықта орналасқан.
© Sputnik / Тимур БатыршинТуристер арасында ең танымалы – үшінші көл. Ол теңіз деңгейінен 1 818 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – бір шақырым, ені – 400 метр, ал тереңдігі 80 метрге жетеді.
17/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Туристер арасында ең танымалы – үшінші көл. Ол теңіз деңгейінен 1 818 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – бір шақырым, ені – 400 метр, ал тереңдігі 80 метрге жетеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинБасқа екі көл де биікте орналасқан. Екіншісі - көлемі жағынан ең үлкенін жергілікті тұрғындар Мыңжылқы деп атайды. Ол теңіз деңгейінен 2 252 метр биікте. Үшінші көл – Жоғары Көлсай, 2 850 метр биікте тұр.
18/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Басқа екі көл де биікте орналасқан. Екіншісі - көлемі жағынан ең үлкенін жергілікті тұрғындар Мыңжылқы деп атайды. Ол теңіз деңгейінен 2 252 метр биікте. Үшінші көл – Жоғары Көлсай, 2 850 метр биікте тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинКөлсай көлдері ұлттық саябақта орналасқан. Олардың алматылықтар мен қала қонақтары арасындағы танымалдығы бұл жерлердегі инфрақұрылымның дамуына түрткі болды. Көлдердің жанында қонақ үйлер мен кемпингтер бар.
19/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Көлсай көлдері ұлттық саябақта орналасқан. Олардың алматылықтар мен қала қонақтары арасындағы танымалдығы бұл жерлердегі инфрақұрылымның дамуына түрткі болды. Көлдердің жанында қонақ үйлер мен кемпингтер бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинКүнгей Алатауы шатқалының бірінде орналасқан Қайыңды көлін Қазақстандағы ең ерекше жер деп атасақ қателеспеспіз. Оның басты тартымдылығы – көл ортасынан көкке шаншылған шыршалар
20/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Күнгей Алатауы шатқалының бірінде орналасқан Қайыңды көлін Қазақстандағы ең ерекше жер деп атасақ қателеспеспіз. Оның басты тартымдылығы – көл ортасынан көкке шаншылған шыршалар
© Sputnik / Тимур БатыршинҚайыңды көлінің тарихы жүз жылдан асады. Ол 1911 жылы қаңтарда Кемин жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды. Қазір бұл нысан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне енгізілген
21/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қайыңды көлінің тарихы жүз жылдан асады. Ол 1911 жылы қаңтарда Кемин жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды. Қазір бұл нысан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне енгізілген
© Sputnik / Тимур БатыршинКөл қылқан жапырақты орман арасында, теңіз деңгейінен 1 667 метр биіктікте орналасқан. Көлден небәрі бес шақырым жерде қайыңды тоғай бар, сондықтан ол Қайыңды деп аталып жүр
22/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Көл қылқан жапырақты орман арасында, теңіз деңгейінен 1 667 метр биіктікте орналасқан. Көлден небәрі бес шақырым жерде қайыңды тоғай бар, сондықтан ол Қайыңды деп аталып жүр
© Sputnik / Тимур БатыршинКөл айналасындағы тауда ауа температурасы 23 градустан жоғарыға өте сирек көтеріледі. Ең жылы деген күндердің өзінде су салқын - 6 градустан жоғары көтерілмейді.
23/23
© Sputnik / Тимур Батыршин
Көл айналасындағы тауда ауа температурасы 23 градустан жоғарыға өте сирек көтеріледі. Ең жылы деген күндердің өзінде су салқын - 6 градустан жоғары көтерілмейді.