Қоғам

Мәжіліс Қазақстанда өлім жазасын жою туралы заң жобасын қарайды

© AP Photo / Gregorio BorgiaМужчина на фоне тюремной решетки, архивное фото
Мужчина на фоне тюремной решетки, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан президенті сыртқы істер министрлігіне өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық хаттамаға қосылу рәсімін бастауды тапсырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісі өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман хаттамаға Қазақстан ескертпесімен 2020 жылы 23 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылғанын еске салды.

"Хаттама елімізде өлім жазасын жою жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабылдауына бағытталған. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасы бойынша 2021 жылдың 23 маусымына дейін қорытынды әзірлеуге дайын", – деді депутат мәжілістің жалпы отырысында.

2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан президенті сыртқы істер министрлігіне өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық хаттамаға қосылу рәсімін бастауды тапсырған еді.

2020 жылдың 23 қыркүйегінде БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші хаттамасына қол қойды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы мораторийден кейінгі өлім жазасы: ауыр жазаға кім кесілді

Айта кетейік, Қазақстанда өлім жазасын қолдану 2003 жылы мораторий енгізу туралы толығымен тоқтатылған.

Жаңалықтар
0