Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Нюрнберг процесі: XX ғасырдың басты қылмыскерлері қалай сотталды – тарихи суреттер

Жазылу
75 жыл бұрын 20 ғасырдың басты қылмыскерлері сотталды. Нюрнберг процесінің маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Өйткені ол тарихта алғаш рет агрессияны ең ауыр қылмыс деп танып, нацистердің әлем мен адамзатқа қарсы қылмыстарын жария етті

1945 жылы 20 қарашада Германияның Нюрнберг қаласында еуропалық елдердің басты нацистік әскери қылмыскерлеріне қатысты халықаралық сот ісі басталды.

Сот алдына Үшінші рейхтің жоғарғы әскери және мемлекет қайраткерлері, ірі банкирлер мен дипломаттар, сондай-ақ  өнеркәсіпшілер келді. Айыпталушылар қатарында Геринг, Гесс, Риббентроп, Кейтель, Йодль, Борман болды. Соңғысы жасырынып, кейін де табылмағандықтан сырттай сотталды. Сонымен қатар Калтенбруннер, Розенберг, Франк деген сияқты есімдермен тізім жалғаса береді. Олардың барлығы Гитлер билікке келген кезден бастап негізгі әскери оқиғалардың қатысушылары болды.

Процесс барысында адамдарға жүргізілген жабайы эксперименттер мен газ камералары, өлім лагеріндегі қуатты кремация пештері туралы айтылған фактілер әлемді шошытты. Освенцум, Треблинка, Собибор, Хелмно сияқты лагерьлер – жаппай кісі өлтіруге, күніне ондаған мың адамды құртуға арналды.

Сол жылдары мұндай концлагерьлер мен өлім лагерьлері жүйесінен 18 миллион адам өтті. Олардың 11 миллионға жуығы аяусыз жойылды.

Фашистік режимнің негізгі көшбасшылары қалай сотталды – тарихи сәттен түсірілген суреттерді Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз.

Нюрнберг процесі туралы не білеміз

Нюрнберг процесін 1945 жылдың 8 тамызында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция үкіметтері арасында жасалған Лондон келісімі негізінде құрылған Халықаралық әскери трибунал өткізді. Оған антигитлерлік коалиция мүшелері ретінде 19 мемлекет қосылды.

Келісімге 1943 жылдың 30 қазанында КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшылары қол қойған нацистердің жауапкершілігі туралы Мәскеу декларациясының ережелері негіз болған. 

Сондай-ақ, Халықаралық әскери трибунал ұлттық социалистік партияның басшылығын, оның шабуылдау және күзет жасақтарын, қауіпсіздік қызметі мен мемлекеттік құпия полицияны, үкімет кабинетін, Бас штаб пен нацистік Германияның Жоғарғы қолбасшылығын қылмыскер деп тану мәселесін қарастырды.

Оқи отырыңыз: Астрофотография байқауында үздік деп танылған таңғажайып суреттер

Трибунал бір жылға жуық жұмыс істеді. 1946 жылы 1 қазанда халықаралық соттың шешімі жарияланды. Процесс барысында 403 ашық сот отырысы өткізіліп, 116 куәгерден жауап алынды, 300 мыңнан астам жазбаша өтініш және 3 мыңға жуық құжат қаралды.

© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуНюрнберг процесі 1945 жылдың 20 қарашасынан 1946 жылдың 1 қазанына дейін созылды. Айыпталушылар орындығында – фашистік Германияның бұрынғы басшылары. Жеңіске жеткен елдердің (КСРО, АҚШ, Англия және Франция) халықаралық трибуналы аясында нацистік Германия басшылары 1939-1945 жылдар аралығындағы әскери және басқа да қылмыстары үшін айыпталды.
Нюрнберг процесі - Sputnik Қазақстан
1/18
Нюрнберг процесі 1945 жылдың 20 қарашасынан 1946 жылдың 1 қазанына дейін созылды. Айыпталушылар орындығында – фашистік Германияның бұрынғы басшылары. Жеңіске жеткен елдердің (КСРО, АҚШ, Англия және Франция) халықаралық трибуналы аясында нацистік Германия басшылары 1939-1945 жылдар аралығындағы әскери және басқа да қылмыстары үшін айыпталды.
© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуНюрнберг процесі. Сот ғимаратының алдындағы күзетшілерді бөлу.
Сот ғимаратының алдындағы күзетшілер - Sputnik Қазақстан
2/18
Нюрнберг процесі. Сот ғимаратының алдындағы күзетшілерді бөлу.
© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуНюрнберг процесінің тарихынан – әскери фототілші Евгений Халдей (суретте сол жақта).
әскери фототілші Евгений Халдей - Sputnik Қазақстан
3/18
Нюрнберг процесінің тарихынан – әскери фототілші Евгений Халдей (суретте сол жақта).
© Sputnik / Viktor Temin / Медиабанкке өтуСуретте: Нюрнберг Әділет сарайының ғимараты.
Нюрнберг Әділет сарайының ғимараты - Sputnik Қазақстан
4/18
Суретте: Нюрнберг Әділет сарайының ғимараты.
© Photo : Public domain/Charles Alexander, Office of the United States Chief of Counsel, Harry S. Truman Library & MuseumНюрнберг процесінде Герман Геринг, адмирал Карл Дениц, адмирал Эрик Редер, Рудольф Гесс, Бальдур фон Ширах пен Иоахим фон Риббентроп айыпталушылар орындығында отыр.
Нюрнберг процесінде Герман Геринг, адмирал Карл Дениц, адмирал Эрик Редер - Sputnik Қазақстан
5/18
Нюрнберг процесінде Герман Геринг, адмирал Карл Дениц, адмирал Эрик Редер, Рудольф Гесс, Бальдур фон Ширах пен Иоахим фон Риббентроп айыпталушылар орындығында отыр.
© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуСуретте: КСРО-ның бас айыптаушысы Роман Андреевич Руденко Нюрнберг сотында сөйлеп тұр.
КСРО-ның бас айыптаушысы Роман Андреевич Руденко - Sputnik Қазақстан
6/18
Суретте: КСРО-ның бас айыптаушысы Роман Андреевич Руденко Нюрнберг сотында сөйлеп тұр.
© Sputnik / Viktor Kinelovskiy / Медиабанкке өтуНюрнберг процесіндегі америкалық әскери трибунал өкілі Томас Додд
Нюрнберг процесіндегі америкалық әскери трибунал өкілі Томас Додд  - Sputnik Қазақстан
7/18
Нюрнберг процесіндегі америкалық әскери трибунал өкілі Томас Додд
© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуНюрнберг процесінде сот залынан түсірілген сурет. Адамдарға жасалған жабайы эксперименттер туралы процесте жарияланған фактілер әлемді шошытты.
Нюрнберг процесінде сот залынан түсірілген сурет - Sputnik Қазақстан
8/18
Нюрнберг процесінде сот залынан түсірілген сурет. Адамдарға жасалған жабайы эксперименттер туралы процесте жарияланған фактілер әлемді шошытты.
© Sputnik / Viktor Kinelovskiy / Медиабанкке өтуКСРО-ның Халықаралық әскери трибуналдағы мүшелері подполковник Александр Волчков (сол жақта) пен әділет генерал-майоры Иона Никитченко Нюрнберг процесіне қатысып отырған сәт. 1945 жылдың желтоқсаны. Германия.
Нюрнберг процесі. Желтоқсан. 1945 жыл. Германия - Sputnik Қазақстан
9/18
КСРО-ның Халықаралық әскери трибуналдағы мүшелері подполковник Александр Волчков (сол жақта) пен әділет генерал-майоры Иона Никитченко Нюрнберг процесіне қатысып отырған сәт. 1945 жылдың желтоқсаны. Германия.
© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуНюрнберг процесі өткен отырыс залынан тағы бір фото. Халықаралық әскери трибунал бір жылға жуық жұмыс істеді – 1946 жылы 1 қазанда халықаралық соттың үкімі жарияланды.
Нюрнберг процесі өткен отырыс залынан тағы бір фото - Sputnik Қазақстан
10/18
Нюрнберг процесі өткен отырыс залынан тағы бір фото. Халықаралық әскери трибунал бір жылға жуық жұмыс істеді – 1946 жылы 1 қазанда халықаралық соттың үкімі жарияланды.
© Sputnik / Maks Alpert / Медиабанкке өту1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Фашистер Керчь тұрғындарын аяусыз қырды. Керчь маңындағы танкке қарсы Багеров оры. Мұнда 7 мыңға жуық Керчь тұрғыны атылды. Оның 245-і балалар мен мектеп оқушылары. Суретте Керчь тұрғындары фашистер атып өлтірген кеңес азаматтарының ішінен танығандарын көрсетіп тұр.
Асқан қатыгездіктің мұндай деректері Нюрнберг процесінде фашизмге қарсы айып болып тағылды.
Фашистер Керч тұрғындарын аяусыз қырды. Керч маңындағы танкке қарсы Багеровский оры - Sputnik Қазақстан
11/18
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Фашистер Керчь тұрғындарын аяусыз қырды. Керчь маңындағы танкке қарсы Багеров оры. Мұнда 7 мыңға жуық Керчь тұрғыны атылды. Оның 245-і балалар мен мектеп оқушылары. Суретте Керчь тұрғындары фашистер атып өлтірген кеңес азаматтарының ішінен танығандарын көрсетіп тұр.
Асқан қатыгездіктің мұндай деректері Нюрнберг процесінде фашизмге қарсы айып болып тағылды.
© Photo : Public domain / USHMM, courtesy of National Archives / Raymond D'AddarioНюрнберг процесіндегі аудармашылар. Олар тәулігіне 12 сағат жұмыс істеп, құпия құжаттарды жария етпеу туралы қолхат берді. Отырыстар бір уақытта төрт тілде жүргізілді. Әр елден 250-ге жуық БАҚ өкілдері қатысты.
Нюрнберг процесіндегі аудармашылар - Sputnik Қазақстан
12/18
Нюрнберг процесіндегі аудармашылар. Олар тәулігіне 12 сағат жұмыс істеп, құпия құжаттарды жария етпеу туралы қолхат берді. Отырыстар бір уақытта төрт тілде жүргізілді. Әр елден 250-ге жуық БАҚ өкілдері қатысты.
© Photo : Public domain XX ғасырдың басты қылмыскерлерінің соты. Суретте - Герман Геринг, адмирал Карл Дениц, адмирал Эрик Редер, Рудольф Гесс, Бальдур фон Ширах пен Иоахим фон Риббентроп.
XX ғасырдың басты қылмыскерлерінің соты - Sputnik Қазақстан
13/18
XX ғасырдың басты қылмыскерлерінің соты. Суретте - Герман Геринг, адмирал Карл Дениц, адмирал Эрик Редер, Рудольф Гесс, Бальдур фон Ширах пен Иоахим фон Риббентроп.
© Sputnik / Viktor Kinelovskiy / Медиабанкке өтуПроцесс кезінде төрт жүзден астам ашық сот отырысы өтті, жүздеген куәгерден жауап алынды. Суретте: Халықаралық әскери трибуналдың мәжіліс залы. Нюрнберг процесі.
Халықаралық әскери трибуналдың мәжіліс залы - Sputnik Қазақстан
14/18
Процесс кезінде төрт жүзден астам ашық сот отырысы өтті, жүздеген куәгерден жауап алынды. Суретте: Халықаралық әскери трибуналдың мәжіліс залы. Нюрнберг процесі.
© Photo : Public domainСотталушы Альфред Йодль (сол жақта) мен Вильгельм Кейтель (оң жақта) халықаралық әскери трибуналының сот залына жапсарлас асханада тамақтанып отыр.
Сотталушы Альфред Йодль (сол жақта) мен Вильгельм Кейтель (оң жақта)  - Sputnik Қазақстан
15/18
Сотталушы Альфред Йодль (сол жақта) мен Вильгельм Кейтель (оң жақта) халықаралық әскери трибуналының сот залына жапсарлас асханада тамақтанып отыр.
© Photo : Public domain / Charles W. AlexanderСуретте: айғақ құжаттармен жұмыс істеп жатқан АҚШ армиясының офицерлері.
Құжаттармен жұмыс істеп жатқан АҚШ армиясының офицерлері - Sputnik Қазақстан
16/18
Суретте: айғақ құжаттармен жұмыс істеп жатқан АҚШ армиясының офицерлері.
© Photo : Public domainНюрнберг түрмесінің сотталғандарға арналған негізгі блогы. Темір торлы камералар қатарының оң жақ қанатындағы соңғысында Геринг пен Гесс отырды. Әрбір камераның есігінің алдын бір-бір күзетші бақылап тұрды.
Нюрнберг түрмесінің сотталғандарға арналған негізгі блогы - Sputnik Қазақстан
17/18
Нюрнберг түрмесінің сотталғандарға арналған негізгі блогы. Темір торлы камералар қатарының оң жақ қанатындағы соңғысында Геринг пен Гесс отырды. Әрбір камераның есігінің алдын бір-бір күзетші бақылап тұрды.
© Sputnik / Медиабанкке өтуНюрнберг Әділет сарайына кіру үшін жауынгерлерге берілген рұқсат қағаз. Бұл құжат сарбаз Абдултай Әріповке тиесілі. Ресми мәліметке сәйкес, сот залына кіру үшін 60 мыңнан астам рұқсат берілген.
Пропуск солдата Абдултая Арипова в Нюрнбергский Дворец юстиции - Sputnik Қазақстан
18/18
Нюрнберг Әділет сарайына кіру үшін жауынгерлерге берілген рұқсат қағаз. Бұл құжат сарбаз Абдултай Әріповке тиесілі. Ресми мәліметке сәйкес, сот залына кіру үшін 60 мыңнан астам рұқсат берілген.
Жаңалықтар
0