Қоғам

Мамин әкімдіктерге рұқсатсыз қоқыс төгілген орындардың бәрін жабуды тапсырды

© Photo : КЧС МВД РКРаботы по ликвидации тления отходов на мусорном полигоне
Работы по ликвидации тления отходов на мусорном полигоне   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2025 жылға дейін орман аумағын 500 мың гектарға ұлғайтып, 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Үкімет басшысы өңірлерде рұқсатсыз қоқыс төгілген орындардың бәрін жабуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде өңірлерде қатты тұрмыстық қалдық орналастырылатын 3,5 мың объекті жұмыс істейді. Оның ішінде тек 620-сы ғана талапқа сай келеді.

"Экология министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, рұқсатсыз қоқыс төгілген жерлердің бәрін жабу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды және ресурсы сарқылған полигондарды жауып, қайта қопсыту жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", – деді Мамин үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, өңірлердің экологиясын жақсарту үшін 2025 жылға дейін орман аумағын 500 мың гектарға ұлғайтып, 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Өскеменде зейнеткердің пәтерінен 17 тонна қоқыс шығарылды

Үкімет басшысы республиканың 6 қаласында қоқыс өңдейтін зауыттар салынатынын атап өтті. Айтуынша, бұл кемінде 200 миллиард теңге жеке инвестиция тартуға және қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесін 30 процентке дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0