Қоғам

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

© Sputnik / Абзал КалиевНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалыс беріледі. Алайда 20 желтоқсан, жексенбі, жұмыс күні болатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Биыл желтоқсан айында қазақстандықтар екі мереке атап өтеді: Тұңғыш президент күні және Тәуелсіздік күні. 

Алғашқы демалыс сейсенбі, 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні болады.

Бұдан соң тұрғындар 5, 6, 12, 13 желтоқсан, яғни сенбі-жексенбі күндері демалады.

16-19 желтоқсан аралығында да демалыс. Сәрсенбі, 16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігі күні. Тұрғындар 17 желтоқсан да жұмыс істемейді. 18 желтоқсан күні жексенбінің орнына демалады. 19 желтоқсан, сенбіге түскендіктен, жұмыс болмайды. Ал 20 желтоқсан, жексенбі күні қазақстандықтар жұмысқа шығады.

Келесі сенбі-жексенбі (26, 27 желтоқсан) күндері 2020 жылдағы соңғы демалыс күндері болады. 

Желтоқсан айында барлығы 11 күн демалыс.

Жаңалықтар
0