Өңірлер

Қазақстандағы тұңғыш әйел әкім облысты басқару қалай екенін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневГульшара Абдыкаликова
Гульшара Абдыкаликова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірде қазір ең өзекті мәселе – пандемия кезінде адамдардың денсаулығын сақтау, коронавирусқа қарсы күрес, деді әкім

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында әйел адамға бір өңірді басқару қиын емес пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір бүкіл әлем, мемлекетіміз, біздің облыс қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Сондықтан осындай кезде жұмыла әрекет етсек, кез келген қамалды алуға болады. Біздің облыста да өзіміздің серіктестеріміз – "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық емес ұйымдар альянсы, ардагерлер, жастар ұйымдары бар. Солармен бірігіп көтерген жүк жеңіл болады деп ойлаймын", - деді Әбдіқалықова. 

Айтуынша, орынбасарларының барлығы – ер адамдар. 

"Бәрі тәжірибесі мол мамандар, өңірлерде қызмет еткен. Маған үнемі қолдау көрсетеді", - деді ол.

Әбдіқалықова өңірде қазір ең өзекті мәселе – пандемия кезінде адамдардың денсаулығын сақтау, коронавирусқа қарсы күрес екенін атап өтті. 

Екінші басты мәселелердің бірі – экономика. 

Еске сала кетсек, Гүлшара Әбдіқалықова биыл наурыз айында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Осылайша ол Қазақстан тарихында облысты басқарған тұңғыш әйел әкім атанды.

Жаңалықтар
0