Өңірлер

Пандемияға байланысты мейрамханалар бағытын өзгертуге мәжбүр

© Photo : UnsplashШироко известные в узких кругах: 5 секретных ресторанов Нур-Султана
Широко известные в узких кругах: 5 секретных ресторанов Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемияның кесірінен шығынға батқан мейрамханалардың бірі медицина орталығы болып қайта жасақталған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қызылорда облысында пандемия мейрамхана бизнесіне өзгеріс енгізді. Өңірде он мейрамхана өз бағытын өндіріс саласына өзгерткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Пандемиядан ең көп қызмет көрсету саласы зардап шекті. Біздің облыста мейрамхана бизнесімен айналысатын 128 нысан бар. Бүгінде дені жұмысын уақытша тоқтатты. Сол себепті 10 мейрамхана өз бағытын өндіріс саласына өзгертті", - деді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, бір мейрамхана медицина орталығы болып қайта жасақталған. Тағы біреуі тушенка дайындаумен айналысады, енді бірі шырын құю цехы ретінде жұмыс істеп жатыр.

"Біз қазір басқа мейрамханалармен де сөйлесіп жатырмыз. Кәсіпкерлер қызмет бағытын өзгертуге өздері де мүдделі, өйткені пандемия басталғалы олар қыруар шығынға батты. Төлейтін кредиттері бар, сондықтан қазір өңірде мейрамханалардың бағытын өзгерту жұмысы белсенді жүріп жатыр", - деді облыс басшысы. 

Айтуынша, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2023 жылға дейін облыстың экономикалық даму картасы әзірленді. Бизнеске жалпы құны 271 миллиард теңгені құрайтын 265 жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр. Соның нәтижесінде 4600-тен астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қазір 110 жоба жүзеге асырылуда.

Жаңалықтар
0