НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.
Тоқаев сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады.
Сонымен қатар, бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатына да барады.