Өңірлер

Бес облыс "қызыл" аймаққа кірді: Мамин қандай тапсырма берді

© Sputnik / Елена БережнаяВрач на карантинном блокпосте держит термометр
Врач на карантинном блокпосте держит термометр  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавируспен ауырғандардың саны Қазақстанның барлық өңірінде өскен. "Қызыл" аймаққа бес облыс, "сарыға" Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы кірді  

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.  

Коронавируспен ауырғандардың саны Қазақстанның барлық өңірінде өскен. Республика бойынша вирустың репродуктивтілік көрсеткіші – 1,07. Инфекциялық төсек-орындардың 22%,  реанимациялық төсек-орындардың 17% толған.

"Қызыл аймақта" 5 өңір қалып отыр:

  • Шығыс Қазақстан;
  • Павлодар;
  • Қостанай;
  • Солтүстік Қазақстан;
  • Ақмола.

"Сары аймақта" 2 өңір бар: Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау, индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, медициналық жабдықтарды жеткізуді аяқтауды және инфекциялық стационарлардың реанимациялық бөлімшелерін толық жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Премьер-министр эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда оған ведомстволық ауруханалар мен госпитальдар 100% дайын болу қажеттігін атап өтті.

Ішкі істер, еңбек, білім, қорғаныс министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, ұжымдарда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын бақылауды күшейтуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырғандарды жасыру деректері анықталды – президент 

Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге коронавирус инфекциясына жасалған зертханалық зерттеулердің дұрыстығын (қайта тестілеуді) қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл ретте зерттеулердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында осы жылғы 1 желтоқсанға дейін зертханаларды бірыңғай ақпараттық жүйемен интеграциялау жұмысы аяқталады.

Денсаулық сақтау министрлігі бір апта мерзімде дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету мақсатында коронавирусқа қарсы препараттардың бағасын реттеу тәртібін өзгертеді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне коронавирусқа қарсы препараттар құнының жоғарылауына жол бермеу мақсатында шетелдік фармацевтикалық нарықтардағы баға конъюнктурасына талдау жүргізу тапсырылды.

Жаңалықтар
0