Қоғам

Қостанай облысында ер адам бетперде үшін қамауға алынды – видео

© REUTERS / AJENG DINAR ULFIANAСупермаркетте маска киген ер адам
Супермаркетте маска киген ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кассир дүкеннен шыққалы жатқан сатып алушыдан маска тағуды талап еткен, ашуға мінген клиент былапыт сөздер айтады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қостанай облысында дүкенде бетперде үшін сатушымен керісіп қалған ер адам айыппұл арқалап, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Келеңсіз жәйт Әулиекөл ауданындағы дүкендердің бірінде болды, деп хабарлайды жергілікті "Алау" порталы.

Видеодан егде жастағы ер адамның кассирге былапыт сөздер айтып, қалған ақшаны қайтаруды талап еткені көрінеді. Алайда, сатушы клиенттен, әуелі, маска тағуын сұрайды. Бірнеше рет ескерту жасап, ақшаны содан кейін ғана қайтарған.

Дүкендегі жанжалды кассирдің өзі видеоға түсіргенге ұқсайды.

Полицияның ақпаратынша, ер адам екі бап – ұсақ бұзақылық (қоғамдық орында балағаттау) және карантинді бұзу (қоғамдық орында бетпердесіз жүру) бойынша жауапқа тартылды.

Ол екі тәулікке қамалды және 41 600 теңге айыппұл салынды.

Клиентті неге тек дүкеннен шығарда бетперде киюге мәжбүрлегені түсініксіз болып отыр.

Еске салсақ, Қостанай облысында карантиндік шаралар қатаңдатылды, атап айтқанда, өңір ішінде жүріп-тұруға шектеу қойылған.

Жаңалықтар
0