Әлем

"Спутник V" вакцинасының бағасы шетелдік баламаларына қарағанда арзан болады

© REUTERS / TATYANA MAKEYEVAВакцина "Спутник V"
Вакцина Спутник V - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелдік компаниялар өндірген коронавирусқа қарсы вакциналардың бағасы бір адамға 70 доллардан асады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Ресейлік "Спутника V"   вакцинасының құны  Pfizer/BioNTech және Moderna компаниялары жасаған короновирусқа қарсы вакциналарға қарағанда едәуір төмен болады, деп мәлімдеді әзірлеуші.

"Pfizer-дің бір дозасы 19,5 доллар, ал Moderna-ның бір дозасы 25-37 доллар деп жарияланды, шын мәнінде бір адамға 39 және 50-74 долларға түседі. Адам басына Pfizer, "Спутник V" және Moderna вакциналарының екі дозасы қажет. "Спутник V" бағасы айтарлықтай төмен болады", - деп жазылған әзірлеушінің ​​Twitter-дегі хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды 

"Спутник V" – коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған әлемде алғаш тіркелген вакцина. Оны Н. Ф. Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп әзірледі.   

Жаңалықтар
0