Оқиға

Көз алдында өртеніп кетті: Солтүстік Қазақстанда болған оқиғаның мән-жайы

© Photo : pixabay.comГорящая спичка, иллюстративное фото
Горящая спичка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол денесін күйік шалып, орталық орталық аудандық аурухана жеткізілді. Кешке жансақтау бөлімінде қайтыс болды

АЛМАТЫ, 21 қараша — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында 23 жастағы жігітті күйік шалып, есін жимастан көз жұмды.

Төтенше оқиға Бескөлде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғыны 4 досымен бірге Бескөлдегі жеке үйге демалуға барған. Куәгерлердің айтуынша, 19 қараша күні таңертең жігіт от жағатын бөлмеге темекі шегуге шыққан. Біраз уақыттан соң өртеніп жүгіріп шыққан", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Достары өздері сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. 

"Олар от жағатын бөлмеде жанып жатқан еріткіш құралы бар канистра тапқан", - деді полицияда.

Ол денесін күйік шалып, орталық аудандық аурухана жеткізілді. Кешке жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Жаңалықтар
0