Өңірлер

Шығыс Қазақстанда карантин қатаңдатыла ма – әкім жауап берді

© Photo : предоставлено пресс-службой акима ВКОДаниал Ахметов
Даниал Ахметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңір басшысының пікірінше, коронавирус індетін тежеудің амалы тек уақыт еншісінде. Мысалы, 7 қарашада тәулігіне 353 адам анықталып жатса, қазір – 242

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы шектеу шараларын одан әрі күшейтуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы өңір әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз карантинді одан әрі қатаңдатпаймыз. Бүгінгі күні қабылданған шаралар жеткілікті екеніне сенімдімін. Жерлестеріме тағы да айтар өтінішім: көбірек тәртіп болса, бәрі жақсы болады", – деді Ахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Облыс әкімі шектеу шараларының күшейтілгеніне қарамастан Шығыс Қазақстан неге әлі "қызыл" аймақта тұр деген сұраққа былай деп жауап берді:

"Тек қана уақыт керек. 7 қарашада тәулігіне 353 адам болса, қазір 242. Екі күннен кейін қандай нәтижеге қол жеткізетінімізді көресіз. Коронавирус індетін тежеу үшін тек уақыт керек".

Оқи отырыңыз: Ірі кәсіпорындарда вирусты жаппай жұқтыру оқиғалары жоқ – әкім

Айта кетейік, пандемия басталғалы облыста барлығы 14 402 адам вирус жұқтырған. Бүгінде облыс ауруханаларында 659 адам емделіп жатыр.

Жаңалықтар
0