Өңірлер

Даниал Ахметов Семейдің бас полицейіне қатысты жанжал туралы айтты

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желідегі дау тудырған жазбадан кейін Семей қаласы полиция басшысына қатысты тексеріс басталды

АЛМАТЫ, 20 қараша — Sputnik. Семей полициясының басшысы әлеуметтік желідегі шағымнан кейін қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты. 

Айта кетсек, Facebook қолданушысы Ермек Нарымбай Семей полиция басқармасының басшысы Мақсат Зекенов қарамағындағылардан ірі көлемдегі ақша бопсалаумен айналысатынын жазған болатын. 

Онлайн-брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Оның айтуынша, Семейдің бас полицейі жақын арада қызметінен босатылады. Әкім желідегі ақпарат жан-жақты тексерілетінін жеткізді.

"Желідегі барлық ақпарат зерттеледі. Жақын арада Семей қаласы полициясының жетекшісі, басқарма басшысы қызметінен кетеді. Барлық мәселе қарастырылып жатыр", - деді Ахметов.

Ашық дереккөздер ақпараты бойынша Мақсат Зекенов бұл қызметке 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалған.

Тағы оқыңыз: "Мені полицей өлтірді": қарағандылық әйелдің өлер алдындағы хаты табылды

Жаңалықтар
0