Саясат

"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевЦентральная избирательная комиссия Казахстана
Центральная избирательная комиссия Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ауыл" партиясы заңға сәйкес барлық қажетті құжатты ұсынды, бұған дейін съезде 19 кандидат анықталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясына кеше съезд өткізген "Ауыл" партиясынан кандидаттардың құжаттары түсті. 

"Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Конституцияда және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды", - делінген ОСК хабарламасында.

Бір күн бұрын партия кезектен тыс XVIII съезін өткізіп, онда парламент мәжілісі сайлауына қатысуға 19 үміткер ұсынды. Олардың арасында аграрлық саланың сарапшылары ғана емес, шығармашылық мамандықтарының өкілдері де болды.

Оқи отырыңыз: Adal партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті 

Саяси партиялар партиялық тізімді 2020 жылдың 10-30 қарашасы аралығында (18.00-ге дейін) ұсынады. Партиялық тізімдерді тіркеу 10 қарашада басталды, ол 2020 жылдың 10 желтоқсанында кешкі сағат алтыда аяқталады.

Жаңалықтар
0