Қоғам

Мемлекет басшысына су қауіпсіздігі туралы мәлімет берілді     

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендеріне қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "География және су қауіпсіздігі институты"АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды.

Ахметқал Медеу президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет берді.

Оқи отырыңыз: Туристер Қазақстанның ең таза өзені ағып келетін Сілеті су қоймасын ластап жатыр 

Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ, басқа да бірқатар су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты.

Жаңалықтар
0