Саясат

Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді

© Photo : сайт ЕлбасыНурсултан Назарбаев принял Бауыржана Байбека
Нурсултан Назарбаев принял Бауыржана Байбека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Партиялық тізімнің үштен біріне жуығын әйелдер құрап отыр,  ал 12 кандидат – 35 жасқа дейінгі жастар

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Nur Otan партиясының праймеризі аяқталды. Бұл жайында партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

"Оң тәжірибені ескере отырып, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan жарғысына партияның праймериз – партияішілік сайлауын өткізуі туралы норманы енгізуді тапсырды. Жарғыға енгізілетін өзгерістердің тиісті жобасы 2020 жылдың 25 қарашасында өтетін партияның кезектен тыс ХХ съезінің бекітуіне шығарылады", - деп жазды Байбек.

Оның айтуынша, партияішілік іріктеу ел ішіндегі белсенді де талантты жандардың өздерін көрсетіп, идеяларын таныстыруына, жаңа жақтастар мен достар табуына жол ашты.

"Праймериздің үшінші кезеңі аяқталды. Nur Otan партиясының Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне арналған партиялық тізіміне 17 өңірден кандидаттар анықталды. Пікірсайыстар қорытындысы бойынша 267 үміткердің ішінен жасырын рейтингтік электронды дауыс беру арқылы 78 адам сайланды", - деді Байбек.

Оның ішінде 9 кандидат – праймеризге қатысу үшін қатарымызға қосылған партияның жаңа мүшелері. Партиялық тізімге мәжілістің қызметтегі депутаттарынан 5 адам енді.

Байбектің хабарлауынша, партиялық тізімнің үштен біріне жуығын әйелдер құрап отыр,  ал 12 кандидат – 35 жасқа дейінгі жастар. Жеңімпаздардың орташа жасы – 47. 

Олардың 27%-і – шағын және орта бизнес өкілдері, 24,5%-і – экономистер, 11,5%-і – заңгерлер, ал 6 кандидаттың ғылыми дәрежесі бар. 

Әсіресе, өнеркәсіп, мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, сондай-ақ үкіметтік емес сектордың өкілдері басымдыққа ие.

Жаңалықтар
0