Қоғам

Қазақстанда қыркүйектен бері 241 мұғалім вирус жұқтырды

© Sputnik / Абзал КалиевУчитель в маске и перчатках в дежурном классе
Учитель в маске и перчатках в дежурном классе  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сыныптарда 302 бала коронавирус жұқтырған. Бір оқушы вирустық пневмонияға шалдықты

 НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы 241 мұғалім індетке шалдықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқу жылы басталғалы бері республика бойынша мектеп қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді", - деді Есмағамбетова екінші тоқсанның басталуына арналған онлайн баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, 1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сыныптарда 302 бала коронавирус жұқтырған. Бір оқушы вирустық пневмонияға шалдықты. 

Қазір індеттен 456 бала емделіп жатыр.

Педагогтар вирусты қайда жұқтырғаны нақтыланбады. Денсаулық министрлігі қай өңірде COVID-19-ға шалдыққан мұғалімдер саны көп екені туралы да ақпарат жарияламады.

Жаңалықтар
0