НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 602 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Шығыс Қазақстан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлі де алда тұр. Солтүстік Қазақстан облысы екінші, Қостанай облысы үшінші орында.
Маңғыстау облысында бірде-бір тұрғын коронавирус жұқтырған жоқ.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 33
Алматы қаласы - 36
Шымкент қаласы - 5
Ақмола облысы - 33
Ақтөбе облысы - 8
Алматы облысы - 24
Атырау облысы - 14
Шығыс Қазақстан облысы - 221
Жамбыл облысы - 6
Батыс Қазақстан облысы - 28
Қарағанды облысы - 20
Қостанай облысы - 57
Қызылорда облысы - 1
Павлодар облысы - 50
Солтүстік Қазақстан облысы - 61
Түркістан облысы - 5
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 121 653.