Өңірлер

Облыстардың бірінде карантин күшейтілді – жаңа ереже

© Sputnik / Елена БережнаяВрач и полицейский общаются с водителем автомобиля у блокпоста
Врач и полицейский общаются с водителем автомобиля у блокпоста  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өтті. Мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб Қостанай облысында бір аптаға қосымша шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады. 

"Кейбір кәсіпкерлік субъектілері енгізілген шектеу шараларына қарамастан бас санитарлық дәрігердің қаулысын өрескел бұзуға жол береді. Бұл облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғады.  Осыған байланысты жедел штаб бір апта мерзімге қосымша шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады", - деп жазды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Жабық спорт нысандарының жұмысына тыйым салынды.

Қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелдегі адамдар саны 4-тен аспауы тиіс. Үстелдер арақашықтығы екі метрден аз емес, 22.00-ден кейін тағамды жеткізу немесе алып кету қызметі ұсынылады.

Бассейндер жұмысына (сауна мен монша ішіндегі де) тыйым салынды. Монша мен сауналар жұмыс уақыты - 9.00-19.00.

Өңірде шипажай мен демалыс базаларының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Соңғы мәліметке сәйкес, барлығы 4 314 адам коронавирус жұқтырған, өткен тәулікте 51 тұрғында COVID-19 анықталды.

Қаулының толық мәтіні өңір жетекшісінің парақшасында жарияланды.

Жаңалықтар
0