Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды

© AP Photo / BRUNO FAHYВрачи в больнице с коронавирусом
Врачи в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір коронавирус инфекциясынан 9 319 адам ем қабылдап жатыр, арасында 456 бала бар. Науқастар арасында 220 адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирустан жеті адам, коронавирустық пневмониядан бір адам қайтыс болды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 9 319 адам ем қабылдап жатыр, арасында 456 бала бар.

Стационарларда 3 126 науқас жатыр. 6 193 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастар арасында 220 адамның жағдайы ауыр, оның ішінде 21 адам аса ауыр хәлде жатыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, соңғы тәулікте 602 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 23 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 121 653 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 952 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 40 220 адам пневмонияға шалдықты, 421 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0