Экономика

Тауарлардың заңдылығын мобильді қосымша арқылы тегін тексеруге болады – Мамин

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуQR-код
QR-код - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Үкімет басшысының айтуынша, тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі өндіріс пен сауда көлемін ұлғайтуға, көлеңкелі айналымды азайтуға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда тауарлардың заңдылығын тегін тексеруге мүмкіндік беретін мобильді қосымшалар іске қосылады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда тері бұйымдары мен темекі өнімдері міндетті түрде таңбаланады. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек, алкоголь, аяқ киім және сүт өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобалар басталды.

Бірыңғай оператор – Қазақтелеком "Тауарларды таңбалау және қадағалау" ақпараттық жүйесін әзірледі.

"Тауарлардың заңдылығын тексеру үшін "Naqty Sauda" және "Naqty Onim" тегін мобильді қосымшалары енгізіледі. Бөлшек сауда орындары сканерлермен жабдықталып жатыр. Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу отандық нарықты контрафактілік және сапасыз өнімнен қорғауға, азаматтардың денсаулығын сақтауға, отандық тауар өндірушілердің ЕАЭО нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Мамин үкімет отырысында.

Ол бизнес өз тауарларының сапасын арттыруға, оның ішінде өз өнімін таңбалауға мүдделі болуы керек екенін атап өтті. Айтуынша, таңбаланбаған өнім шетелдік нарықтарға шығарылмайды.

Сонымен қатар, тауардың Қазақстан аумағында таралуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі құрылды.

"Соның арқасында осы жылдың 10 айы ішінде кедендік баж, қосылған құн салығы мен акциздерден түскен түсім 132,1 миллиард теңгені құрады. Ал жоспар бойынша 2025 жылға дейін кумулятивтік әсер 2,6 триллион теңгеге дейін жетеді", – деді премьер.

Оқи отырыңыз: ЭЦҚ қажет емес: қазақстандықтар eGov.kz-қа түрін көрсетіп қана тіркеле алады

Айтуынша, тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі өндіріс, сауда көлемін ұлғайтуға, көлеңкелі айналымды азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0