Өңірлер

Тараз полицейлері аса ауыр қылмыстың ізін суытпай ашты

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
42 жастағы ер адам "102" пультіне қоңырау шалып, белгісіз біреулер үйінде анасы мен жұбайын пышақтап кеткенін хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Тараз қаласының полицейлері адам өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.

Осы жылдың 16 қарашасында "102" пультіне 42 жастағы ер адам қоңырау шалып, белгісіз біреулер үйінде анасы мен жұбайын пышақтап кеткенін айтқан.  

"Оқиға орнына келген полицейлер мен медицина қызметкерлері 42 жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтады, ал полицияға хабарласқан ер адамның анасы Жамбыл облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған", - деп хабарлады Polisia.kz.  

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданына қарасты Пригородное ауылының 40 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін жазасын өтеген.

Алматыда бір отбасын ойрандаған сантехниктің кім екені белгілі болды 

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол бірге спирттік ішімдік  ішу кезінде жанжал шығып, салдарынан пышақ жарақатын салғанын айтты.

Аталған дерекке қатысты 99-баптың 1-бөлігі, 24-99-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Сондай-ақ заттай айғақтар алынды.

Жаңалықтар
0