Әлем

Судандағы әскери база теңіз қарақшыларымен күресуде жаңа мүмкіндіктер береді

© Sputnik / Виталий Аньков / Фотобанкке өтуГвардейский ракетный крейсер "Варяг" в составе отряда боевых кораблей Тихоокеанского флота
Гвардейский ракетный крейсер Варяг в составе отряда боевых кораблей Тихоокеанского флота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Владимир Путин Сергей Шойгуға Ресей атынан Суданда Ресей әскери-теңіз күштері үшін логистикалық орталық құру туралы келісімге қол қоюды тапсырды. Бұл Мәскеуге аймақты қару-жарақпен қамтамасыз етуге және теңіз қарақшыларымен күресуіне мүмкіндік береді

Жақында Мәскеу Суданның өзін қоса алғанда Африка елдерімен құны 2,5 миллиард доллардан асатын қару-жарақ жеткізуге келісімшарт жасасты. Бұл келісімдер аймақтағы кейбір елдердегі тұрақсыздықты ескере отырып, қамтамасыз етілуі керек, деп жазады radiosputnik.ria.ru.

Ең бастысы, Ресей Дүниежүзілік мұхитқа толығымен оралады. Бұл дегеніміз, ресейлік теңізшілерге ұзақ сапарлар кезінде қайда барам десе де арнайы рұқсатсыз баруға мүмкіндік береді. Атап өтерлігі сол, бұл келісімдер әскери ядролық крейсерлерге де қатысты. Қажеттілік болған жағдайда ұшақтар да сол жерге қона алады: сондықтан да базада ұшу-қону жолағы қарастырылған.

Международные учения Sea Breeze - 2019 в Одессе - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ әскери-теңіз флотын қайта жарақтандырмақ
Оған қоса, Ресей осы елдің теңіз порттары мен әуежайлары арқылы базаның жұмысы мен әскери кемелердің тапсырмаларын орындауға қажетті кез-келген құрал-жабдықтарды импорттап, экспорттай алады. Бұл үшін баж салығы немесе басқа төлемдер болмайды. Хартум ресейлік базаға ақысыз негізде жер бергенін айта кеткен жөн.

Мәскеу ол жердегі нысанында 300 адамнан аспайтын және төрт кемені, соның ішінде атом электр станциясы бар кемені орналастыра алады.

Бірнеше жылдан бері Африка мемлекетінің теңіз шекаралары үнемі бұзылатындығын ескерген Судан басшылығы өз кезегінде ресейлік база қарақшылықпен, контрабандамен және құл саудасымен күресуге көмектесетінін атап өтті.

Әскери сарапшылардың айтуынша, бұған дейін КСРО-ның Африкадағы шетелдік әскери базалары тиімді болған. Мысалы, йемендік Аденде, Сомали және Эфиопияда Қызыл теңізге кіру мен шығуды бақылауға мүмкіндік берді. Алайда, бүгінгі таңда түрлі жағдайларға, соның ішінде саяси және әскери себептерге байланысты, жақын болашақта континенттегі осы стратегиялық маңызды және ыңғайлы нүктелерге оралу мүмкін емес.

Қытай қарулы күштерін шетелдік территорияларда орналастыру жөніндегі таяу 30 жылдағы ауқымды міндеттерді жақында ғана бастауы, бұл аймақтың маңыздылығын айшықтай түседі.

Пекиннің мұндай жаңа әскери стратегиясы – "ұлттық аумақты қорғаудан" "мемлекеттік шекарадан тыс ұлттық мүдделерді қорғауға" назар аудару. Үш жыл бұрын Қытай шығыс Африкадағы Судан сияқты орналасқан мемлекет Джибути Республикасында әскери-теңіз күштерін материалдық-техникалық қамтамасыз ететін шетелдегі пунктті пайдалануға берді.

Жаңалықтар
0