Қоғам

Министрлік ауылдағы интернет мәселесін шешудің жолын тапты

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиШкольница обучается через Интернет
Школьница обучается через Интернет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғындар видеоқоңырау арқылы аудан әкімдігі, халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ауруханамен байланысу мүмкіндігіне ие болады, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда 1 200 ауылда интернетке қосылған арнайы киосктер орнатылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауылдарға интернет жеткізу жобасы аясында операторлармен келісіп, 1 200 ауылда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы киосктер орнатамыз. Олар арқылы аудан әкімдігі, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, денсаулық сақтау мекемелеріне видеобайланыс арқылы жүгінуге болады", - деді Мусин үкімет отырысында.

Бұған дейін министрлік жыл соңына дейін 5 200-ден астам елді мекенге интернет тартылатынын мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз: Табысы 35 мың теңге: депутат кедейлердің көпшілігі ауылда тұрып жатқанын айтты

 

Жаңалықтар
0