Елорда тынысы

Көлгінов бос қалған жерлердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын хабарлады

© Sputnik / Абзал КалиевЖилой комплекс "Северное сияние", виды Нур-Султана
Жилой комплекс Северное сияние, виды Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл 760 мың шаршы метр аумақ абаттандырылған, сондай-ақ әкімдік 100-ден астам лифтіні жаңартуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында елордадағы иесіз, бос қалған жерлердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Биыл 760 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды, бұл – 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Қаланың оң жағына, сонымен бірге бұрын бос, иесіз жатқан не батпақты жерлерге баса назар аударылды", - деп атап өтті қала басшысы.  

Көлгінов Байқоңыр ауданының тұрғындары аулаларын абаттандыруға қатысты идеяларын ұсынғанын айтты. Әкімдік тұрғындардың пікірін ескере отырып жоба дайындап, көктемде абаттандыруға кіріседі.

Қыркүйек айында аталған үйде "Нұрлы жер 2020-2025" тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін дамыту бағдарламасы бойынша лифтілер ауыстырылыпты.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі астаналықтарға үндеу жасады 

"Бір кіреберісте тұрғын үй кешені пайдалануға берілген сәттен бастап, яғни 2009 жылдан бері лифтілер жұмыс істемеді, ал басқалары авариялық жағдайда болды. Адамдар бірнеше рет лифттерде қалып қойып, көмек шақыруға мәжбүр болды. Бірінші кезеңде 100-ден астам лифтіні жаңартуды жоспарлап отырмыз, олардың жартысы жаңартылды", - деп  толықтырды әкім.

Аулаларды жобалауға тұрғындардың өздерін тартуға Сарыарқа ауданында пилоттық режимде іске қосылған "бюджетке қатысу" бағдарламасы да көмектескен. Бұл жоба қаланың басқа аудандарында да қолданылып келеді. Осы бағдарлама бойынша тұрғындар аудан әкімдіктеріне өтінім бере алады.

Жаңалықтар
0