Қоғам

Енді ХҚКО қызметкерін кеңсеге шақыртып қызмет алуға болады

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Цифрлық даму министрі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына енгізілетін жаңашылдықтар туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Жұмыс істейтін қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарының операторларын кеңсеге шақыртып, қызмет ала алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Халыққа жағымды басқа да жаңа ұсыныстарымызды енгізіп жатырмыз. Мысалы, дайын құжаттарды енді ХҚКО қызметкері жеткізеді. Банктердегі жеке менеджерлерге ұқсас ХҚКО-дан да жеке операторды офиске шақыртып, қызмет алуға болатын механизмді іске қосамыз", - деді Мусин үкімет отырысында.

Ол 1414 call орталығы үлкен жүктеме кезінде халықтың наразылығын туғызғанын атап өтті.

Азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін ХҚКО-ның 2 мың операторы осы жұмысқа қосылған. Сондай-ақ, байланысты күту уақытын азайту үшін жасанды интеллектінің элементтері арқылы жиі кездесетін сұрақтарға жауап беру алгоритмі енгізіледі.

Жаңалықтар
0