Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDВрачи в больнице с коронавирусом
Врачи в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте 588 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 48 адамға пневмония диагнозы қойылып отыр

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус пен коронавирус белгісі бар пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирустан жеті адам, пневмониядан екі адам көз жұмды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 9 162 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 458 бала бар. 
Стационарларда 3 041 науқас жатыр, 6 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастар арасында 217 адамның жағдайы нашар, соның ішінде 22 науқастың хәлі аса ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Айта кетейік, өткен тәулікте 588 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 48 адамға пневмония диагнозы қойылды.

Пандемия басталғалы 121 051 адам коронавирус жұқтырды, 1 945 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бері 40 197 адам пневмонияға шалдықты, 420 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0