Спорт

Қазақстан-Албания матчы: қазақстандық футболшының голы таңғалдырды — видео

© Photo : КФФУдаром с центра поля Айбол Абикен сократил разрыв в счете
Ударом с центра поля Айбол Абикен сократил разрыв в счете - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Албаниямен матч қорытындысы бойынша ұлттық құрама жеңіліп, топтағы бірінші орынды иелену мүмкіндігіне айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бесінші турындағы матчта Албаниядан ұтылды. Есеп — 1:3.

Алаңға ең мықты деген спортшылар шықты. Алайда матч жағымсыз рекордтан басталды. Небәрі 10-шы секундта Олжас Керімжанов сары қағаз алды. Бұл Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жылдам берілген ескерту қағазы.

Бірер минуттан соң албаниялықтар екі рет гол соқты. Соколь Чикалеши мен Адриан Исмайли — 2:0 есебімен көзге түсті.

Бұдан соң алаң ортасынан Айбол Әбікен қарсылас қақпасына доп бағыттап, есепті 2:1-ге жеткізді. "Қайраттың" жартылай қорғаушысы үшін бұл құрама сапындағы алғашқы гол болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Үзілістен соң 60-шы минутта Марочкин өзінің айып алаңында ереже бұзып, пенальти белгіленді. Оны Рей Манай сәтті орындады. Есеп — 3:1.

Келесі шабуылда Қазақстан үшін жақсы мүмкіндік туындады. Бірақ құрама капитаны Сүйімбаев бос қақпаға гол соға алмай қалды.

Мұндай ойыннан соң Қазақстан топта бірінші орынды иелене алмайды. Өйткені, төрт ұпаймен төртінші орында тұр. Ал Албания сегіз ұпай жинады. 

Айта кетейік, Михал Билектің ойыншылары 18 қарашада Алматыда Литва құрамасын қабылдайды. Дәл осы күні Албания Беларусьпен кездеседі.

Жаңалықтар
0