Қоғам

Коронавирус жұқтырғандарды жасыру деректері анықталды – президент

© AFP 2024 / PIERRE-PHILIPPE MARCOUВрачи осматривают пациента в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врачи осматривают пациента в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті қабылданған шаралар толық жүзеге асырылмай отырғанын атап өтті. Халықтың індеттен сақтану деңгейі төмендеп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Қазақстанның бірқатар облысында коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.

"Әңгіме Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан,  Павлодар,  Ақмола,  Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр. Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек. Өйткені ол шынайы қауіптің бетін бүркемелейді. Сондай-ақ бүкіл еліміз бойынша коронавирус індетіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес стратегиясына зиянын тигізеді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин ресейлік вакцинаны өндіретін зауыт салуға келісті 

Тоқаевтың айтуынша, қазіргі ахуал жете бағаланбай, қабылданған шаралар толық жүзеге асырылмай отыр. Халықтың індеттен сақтану деңгейі төмендеп кеткен.

"Бұл – аксиома. Мұндай жағдай әлемнің көптеген елінде байқалуда. Аталған проблеманың біздің денсаулық сақтау жүйемізде де созылмалы сипат алғанын мойындауымыз керек", – деп түйіндеді ол.

Президент кейбір өңірлерде аталған дертпен ауырғандар санының артуына байланысты жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды. Тоқаев өз сөзінде індет жұқтырғандардың барынша нақты есебін алу вируспен күрестің басты талабы екенін айтты. 

Жаңалықтар
0