АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. eGov.kz порталында ақау пайда болды, соған байланысты сайтқа кіру уақытша мүмкін емес, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазір eGov.kz порталдың жұмысында ақау пайда болды. Жауапты мамандармен жұмыстар жүргізіліп жатыр, жүйенің іске қосылғаны туралы хабарланатын болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ таратқан хабарламада.
Қазір сайтта портал парақшасы ашылады. Алайда сілтемеге өткен кезде қызметтер уақытша қолжетімді емес екені туралы хабарлама пайда болады.
© Скриншот сайта eGov.kz eGov.kz порталы уақытша істен шықты
eGov.kz порталы уақытша істен шықты
Бұған дейін 14 қараша 21.00-ден 15 қараша 9.00-ге дейін eGov.kz порталында техникалық жұмыстар жүргізілетіні хабарланды. Соған байланысты портал сервистері мен қызметтері уақытша қолжетімсіз болатыны айтылды.