Қоғам

Жомарт Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты

© Photo : ТОО "Алма ТВ"Жомарт Ертаев
Жомарт Ертаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экс-банкир Жомарт Ертаев кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот бір жылға жуық уақытқа созылды

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Алматыда RBK банкінен 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сот отырысы Алмалы аудандық сотында онлайн-режимде өтті. Бұрынғы банкирден басқа, іс бойынша тағы 36 адам айыпталды. Үш адам зардап шегуші ретінде қатысты.

Іс 700 томнан және 46 эпизодтан тұрды. Айыптау актісі 280 беттен тұрады. Оны бірнеше күн оқыды. Бұрынғы банкирге қатысты сот 2019 жылдың 12 желтоқсанынан бері жалғасып келеді.

"Ертаев Жомарттың мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бойы белгілі бір лауазымды атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтей отырып, 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Роман Селицкий.

Сот отырысының бірінде Жомарт Ертаев ірі көлемдегі ақша жымқырғанын толық мойындады.

Оқи отырыңыз: Жомарт Ертаев кінәсін толық мойындады

Бұған дейін прокурор Жомарт Жәдігерұлы Ертаевты Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлігі ("қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi"), 189-бабының 2-бөлігі 4-тармағы ("сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы ("қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру") бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Сондай-ақ, мүлкін тәркілеп, коммерциялық және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айырып, 11 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуді сұрады.

Жаңалықтар
0