Өңірлер

Түркістан облысында кезекті көкпар ұйымдастырушылар жауапқа тартылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПервый чемпионат Азии среди молодежи по национальным конным видам спорта
Первый чемпионат Азии среди молодежи по национальным конным видам спорта   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин кезінде көпшілік шараны ұйымдастырған адамдарға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Түркістан облысының тәртіп сақшылары Бөген ауылының маңында ұйымдастырылған көкпарды өткізбей тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Рейдтік шара кезінде полиция қызметкерлері ұлттық көкпар ойыны өтіп жатқанын анықтады.  

"Көкпарда жүзге жуық адам болды. Тәртіп сақшылары оларға карантинді бұзуға жол беруге болмайтынын түсіндірді. Ал іс-шара ұйымдастырушылары әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Полицейлер жиналған қауымға коронавирустың таралуына жол бермеу үшін карантиндік шараларды сақтап, бас санитар дәрігердің бұйрықтарын орындау қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ, ай басында Алматы облысында ер адам отбасылық мерекеге орай, көкпар ұйымдастырғаны хабарланған. Полиция өкілдері оған қатысушыларды анықтаған соң, құқықбұзушы видео-хабарлама жасап, өзінің кінәсін толық мойындап, кешірім сұраған.

Оқи отырыңыз: Алматы-Бішкек тасжолында "Көкпар" ұйымдастырған алты адам ұсталды – видео

Айта кетейік, Әкімшілік заңға сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заң талаптарын бұзғаны үшін ат спорты түрлерін ұйымдастырғаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге) айыппұл салынады.

Жаңалықтар
0