Өңірлер

Павлодарда ғимаратқа "бомба қойған" адам анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневСотрудники казахстанской полиции, архивное фото
Сотрудники казахстанской полиции, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар ғимарат пен оның маңындағы аумақта күдікті немесе жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеріп шықты

ПАВЛОДАР, 16 қараша – Sputnik. Павлодарда белгісіз біреу Мемлекеттік сараптама ғимаратына бомба қойылғанын хабарлады.

Таңертеңгі сағат 10-да полицияға "Сәтбаев көшесі, 25/1 мекенжайындағы ғимаратты (Мемлекеттік сараптама филиалы орналасқан) кез келген минутта жарып жіберуі мүмкін" деген ақпарат келіп түсті", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

"15 минуттан соң жарылады": қарағандылық дәмханаға бомбамен келгенін айтты

Оқиға орнына жіберілген жедел-тергеу тобы ғимаратты қоршауға алды, оның ішінен жеті адам эвакуацияланды. Мамандар ғимарат пен оның маңындағы аумақты тексеріп шықты, күдікті немесе жарылғыш заттар табылған жоқ. Бомба туралы жалған ақпарат беріп, полицияны шақырған адам анықталды.

Ол Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінде есепте тұратын 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

 

Жаңалықтар
0