Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда әйелдерге шабуыл жасаған шетелдік ұсталды

© AP Photo / J Pat CarterАрхивное фото наручников
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның тағы бірнеше қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы шетел азаматын тонаумен айналысты деген күдікпен ұстады.

18 жастағы бойжеткен өзіне шабуыл жасалғанын айтып, полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, кешкі сағат 22:00 шамасында белгісіз біреу артынан жүгіріп келіп, жерге құлатқан. Телефонын тартып алуға тырысқан. Бойжеткеннің айғайған даусын естіген сол маңдағылар бей-жай қалмаған.

Ер адам қорқып, қылмыс орнынан қашып кетті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде 60 жастағы ер адам тез арада ұсталды.

Тергеу шаралары кезінде полиция ұсталған адамның іс-әрекеті бұған дейін басқа әйелдерге шабуыл жасап, қылмыс орнынан қашып кеткен қарақшымен сәйкес келетінін анықтады.

"Тағы бір жәбірленушінің айтуынша, кешкісін жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреу шабуыл жасаған. Әйелдің басынан бірнеше рет ұрған ер адам ноутбук салынған сөмке мен жеке заттары бар сөмкесін, телефонын жұлып алып, оқиға орнынан кетіп қалды", - деді полиция.

Басқа жәбірленуші қарама-қарсы бағыт бойынша жанынан өткен ер адам кенет бұрылып, артынан шабуыл жасағанын айтты. Содан кейін әйелдің телефонын тартып алған.

"Ұсталған ер адам – Өзбекстан азаматы. Ол кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, қолды болған ноутбук пен әйелдің жеке заттарын жерге көміп тастаған. Азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп толықтырды департамент.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0