Қоғам

Бесінші сыныптар да сабаққа барады: Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін елордалық мектептерде 1-4 сынып оқушылары ғана дәстүрлі форматта білім алған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру ұйымдарына қойылатын карантиндік талаптар туралы астананың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, жалпы білім беретін мектептердегі 1-5 сынып оқушылары – кезекші сыныптарда, ал халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары дәстүрлі білім алуды жалғастырады. Кезекші сыныптардағы оқушылар саны 15 баладан аспауы тиіс.

Балалардың кезекші сыныпта білім алуы ата-аналардың жазбаша түрдегі өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: Депутаттар қашықтан білім беруді дәстүрлі форматқа ауыстыруды талап етті

Егер дәстүрлі форматта оқитын оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның жағдайы анықталса, барлық сабақ онлайн режимде білім алуға ауыстырылады.

Айта кетейік, қазақстандық бастауыш сынып оқушылары бірінші тоқсанды қашықтықтан аяқтап, 5-14 қараша аралығында күзгі демалыста болды.

Жаңалықтар
0