Видео

Ресейлік журналистер Армения лидері Пашинянға сұрақ қойды

Жазылу
Олардың мәліметінше, Ресей Таулы Қарабақтағы қақтығыс жаңадан басталғанда әскери іс-қимылдарды ушықтырмай тоқтатуды ұсынған

Ресейлік тележүргізуші Роман Бабаян өзінің жартылай армян екенін және Бакуде туғанын, сондықтан ол Қарабақтағы қақтығыстың түп-тамыры туралы жақсы білетіндігін және бұл тақырыпты назардан тыс қалдыра алмайтынын айтты. Ол Армения премьер-министрі Никол Пашинянға мынадай сұрақтар қойды:

"РФ соғыстың бірінші күнінен бастап сіздерге жанжалды реттеудің әр түрлі үлгісін ұсынды – ол қазіргі кездегідей емес, өте жақсы үлгілер болды, сіз сонда әр жолы тыңдап, бас тарттыңыз ба? Осы соғыс басталған сәттен-ақ, сіздерге көмек ұсынылғаны және бұл көмек бірден және өте ауқымды түрде көрсетілгені рас па? Ресейдің ондаған әскери-көлік ұшағы Армения аэродромдарына қонғаны рас па? Өзіңіз сұраған қару-жарақ жүйесін алғаныңыз рас па?".  

Ол Армения премьер-министрі бұл сұрақтарға жауап береді деп үміттенетінін мәлімдеді.

"Россия сегодня" және RT ХАА бас редакторы Маргарита Симоньян да Пашинянға өз сұрақтарын жолдады:

"Пашинян мырза, сіз АҚШ-тағы достарыңызбен, тіпті ең жоғары деңгейдегі емес адамдармен шексіз сөйлесіп, ақылдасқаныңыз және  мұның бәрін тоқтату үшін Ресей ұсынған шешімдерді кешіктіріп, қабылдамағаныңыз рас па? Осы келіссөздер, сіздің баяулығыңыз, сенімсіздігіңіз және екі орындыққа отыруға деген талпынысыңыз қазіргі жағдайға әкелгені рас па?" - деп сұрады ол.

Жаңалықтар
0