Елорда тынысы

Елордалық жылу электр орталықтары ішінара газбен жұмыс істей бастады

Жазылу
ЖЭО қазандықтарының жұмысын газға ауыстыру қоршаған ортаға көмір шаңы мен күкірт сияқты зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайтады

НҰР-СҰЛТАН,  15 қараша – Sputnik. Елордалық жылу орталықтар ішінара газға ауыстырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Күлгінов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жылу электр орталықтарындағы су жылыту қазандықтарын газға көшіру, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтар көлемін азайтатын болады.

"ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмысы ішінара газға ауыстырылды. Бүгін газ қазандықтары ресми түрде іске қосылды. Ол үшін бірнеше ай бойы жабдықтарды ауыстыру, қорғау, желдету және газ шаруашылығы жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалған қазандықтарды газға ауыстыру жұмыстары жалғасады", – деп жазды Көлгінов.

Сондай-ақ, әкім қазіргі таңда автономды қазандығы бар 19 әлеуметтік нысанды (мектеп пен балабақша және медициналық мекемелер) газға көшіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, жуырда Алматы қаласындағы №2 жылу электр орталығын газға көшірілетіні хабарланды. Ал оның жалпы шығыны 98 миллард теңге шамасында бағаланғаны айтылды.

Оқи отырыңыз: Алматының жылу электр орталықтары түгел газға көшіріледі

Ел үкіметі өз кезегінде қоғамдық пікірді ескере отырып, Алматыдағы №2 ЖЭО-ның энергетикалық қазандықтарын көмірден газға көшіру туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0