Қоғам

Дауылды жел тұрып, көктайғақ болады – 16 қарашаға ауа райы болжамы

© Sputnik / Тимур БатыршинОсень в Алматы
Осень в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік Қазақстандағы бес облыста ауа райы нашарлайды деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Дүйсенбі, 16 қарашада Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет".

Синоптиктер бүкіл республика аумағында ауа температурасы төмендейді деп болжады. Түнде елдің басым аумағында 10-18 градусқа дейін аяз болады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында – 2-13 градусқа дейін аяз. Республика аумағының кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік жартысында көктайғақ болады.   

Дабылды ескерту

Дүйсенбіде Солтүстік Қазақстан облысының басым аумағында түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы таңертең және күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктердің болжамы   

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Қазақстанның мегаполистеріндегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда қар жауады. Күндіз 7 градусқа дейін, түнде 17 градусқа дейін аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 4 градус жылы.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы – 1 градус нөлден жоғары.

Жаңалықтар
0