Видео

Үзіліп кетпей ме: қазақстандық лифттер қалай жасалады – видео

Жазылу
Жеделсаты біздің өмірімізде ерекше орынға ие. Қазіргі уақытта қала тұрғындары орташа есеппен күніне төрт рет лифт қолданады

Жеделсатыны кім және қашан ойлап тапқаны нақты белгісіз. Заманауи лифтіні алғашқы ойлап табушы Архимед екені айтылады. Ал шамамен 166 жыл бұрын америкалық Элайша Отис апат кезінде жеделсаты кабинасы шахтаға түсіп кетпеуі үшін арнайы ұстағыш ойлап тапты. 

Sputnik Қазақстан тілшілері жолаушылар, жүк, аурухана, автокөлік жеделсатыларын шығаратын отандық зауытта болып қайтты.

"Бір лифтіні төрт арқан ұстап тұрады. Егер біреуі үзіліп кетсе де, қорқынышты еш нәрсе жоқ. Қауіпсіздік жүйесі бар, тежеу жүйесі де қарастырылған. Егер лифт үзіліп кетсе де, соққы амортизацияланады", - деді Ақмола лифт құрылысы зауыты бөлімінің маманы Әсет Көшербаев.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0