НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 704 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны 119 833. Олардың 109 275-і індеттен жазылып шыққан. Өткен тәуліктен 317 адам айықты.
Шығыс Қазақстан облысында әлі де вирусты жұқтыру көрсеткіші жоғары. Бір тәулік ішінде 200-ден астам адам коронавирусқа шалдықты.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 86
- Алматы қаласы - 77
- Шымкент қаласы - 5
- Ақмола облысы - 35
- Ақтөбе облысы - 7
- Алматы облысы - 20
- Атырау облысы - 12
- Шығыс Қазақстан облысы - 248
- Жамбыл облысы - 6
- Батыс Қазақстан облысы - 35
- Қарағанды облысы - 17
- Қостанай облысы - 52
- Қызылорда облысы - 2
- Маңғыстау облысы - 1
- Павлодар облысы - 49
- Солтүстік Қазақстан облысы - 51
- Түркістан облысы - 1.