НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Алматылық құқық қорғаушылар ауқымды арнайы операция жүргізіп, атыс қаруын қайта жасайтын жертөледегі шеберхананы анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, жедел іс-шара барысында Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталған. Олардың жертөледегі шеберханасынан әртүрлі үлгідегі көптеген атыс қарулары табылды.
Сонымен қатар қару-жарақты қайта жасау кезінде қолданған оқ-дәрілер мен соған ұқсас заттар тәркіленді.
Қолданыстағы қылмыстық заңға сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
"Қазіргі кезде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген қару-жарақ, бөлшектер мен оқ-дәрілер бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", – делінген хабарламада.
Сараптамалық зерттеулер нәтижесінде қару-жарақ арсеналының жасалған жері мен олардың кімге тиесілі екендігі де анықталатын болады.
Оқи отырыңыз: Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті - оқиғаның мән-жайы