Видео

Еуропада алғашқы "күн" наубайханасы іске қосылды – видео

Жазылу
НовостиTelegram
Француз Арно Крето өзін инженер-наубайшы деп атайды. Ол күн энергиясын қолданып, нан пісіре бастаған

Ең таза энергия - күн энергиясы ерекше өндірістің басты көзі. Нан пісіру процесі туралы толығырақ видеода.

Арно өзінің ісін бастау үшін он жыл бойы әлемдегі энергетикалық жобаларды зерттеген. Ол күн концентраторын жасап шығарды. Инженер мұны NeoLoco деп атады.

Наубайхана айналар жүйесі ретінде жасалған. Олар күннің жылуын "жинап" тұмшапешке бағыттайды. Пеш аптасына 140 келі нан пісіреді. Арно нанды жергілікті дүкендерде сатады.

Жаңалықтар
0