Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата СКОНовую инфекционную больницу на 200 коек открыли в Петропавловске
Новую инфекционную больницу на 200 коек открыли в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы 119 129 адамда COVID-19 анықталды. 1 тамыздан бері барлығы 39 724 адам пневмония жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан алты және пневмониядан үш адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулік ішінде 638 адам коронавирус жұқтырып, 179 тұрғын пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 119 129 адамда COVID-19 анықталды. Қазіргі уақытта  8 247 адам ем қабылдап жатыр, 437-сі бала.

Стационарларда 2 924, амбулаторлық емделуде 5 323 науқас тіркелген. 192 адамның жағдайы ауыр, 20 пациент аса ауыр хәлде. Жиырма жеті адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

1 тамыздан бері барлығы 39 724 адам пневмония жұқтырды. 415 науқас қайтыс болды, жазылып шыққандардың саны 29 416-ға жетті.

Жаңалықтар
0