Өңірлер

Қазақстанның үш қаласында көктайғаққа байланысты тегін такси жұмыс істейді

© Sputnik / Абзал КалиевЖолдағы автокөлік
Жолдағы автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар облысының үш қаласында мешіт имамдары жамағатпен бірлесіп ақшам және құптан намазынан кейін қарттар мен кішкентай балалары бар ата-аналарды үйлеріне тегін жеткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалалары мешіттерінің имамдары мен жамағаты қала тұрғындарын үйлеріне тегін тасиды.

Мешіт имамдары өңірде қалың қар түсіп, көктайғақ болуына байланысты осындай игі шараны қолға алған. Бұл туралы Павлодар облысы орталық мешітінің порталында бас имам Жолдас Қоспақұлы мәлімдеді.

Облыста карантин режиміне байланысты діни орындардың қызметі шектелсе де, бұл мешіттерге қайырымдылық жасауға кедергі емес. Осыған байланысты жұма, 13 қарашада, ақшам және құптан намазынан кейін Павлодар, Екібастұз және Ақсу мешіттерінің имамдары жамағатпен бірігіп, 17:30-ден 19:00-ге дейін қарттар мен кішкентай балалары бар ата-аналарды үйіне тегін жеткізеді.

Тағы оқыңыз: Аяз және бұрқасын: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Бұған дейін облыста екі күн бойы жаңбыр жауған еді. Соның салдарынан жолдарды көктайғақ басты.

Өткен тәулікте өңірде бірден 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Облыстық жедел жәрдем станциясына көшеде жарақат алған жиырмаға жуық адам жүгінген. Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақтық танытуға шақырды.

Жаңалықтар
0