НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. 15 жасар оқушы әкесінен аяғы ауыр болып, босанды. Жағаұстатарлық жағдай Шымкентте болды, деп хабарлады қаланың білім басқармасының өкілдері.
Astana TV телеарнасының хабарлауынша, бұл жағдай туралы жұрт ер адам өз-өзіне қол салған соң айта бастаған.
"9-сынып оқушысы осы жылдың мамыр айында босанды. Зорлық болды ма, болмады да айта алмаймыз. Мұны полицейлер анықтап жатыр", - деді Шымкенттің білім басқармасының бас маманы Ұлжалғас Сауырбаева.
Нәрестені босанған оқушының анасы тәрбиелеп отыр.
Осындай жағдай бұған дейін Алматы облысында болған еді. Сауалнама кезінде 8-сынып оқушысы әкесі тарапынан зорлыққа тап болғанын жазды. Оның да аяғы ауыр болып қалды.
Күдікті ретінде жауап алынған ер адам өгей қызын зорламағанын айтып, кінәсін мойындамаған. Кетіп қалмау жөнінде қолхат берген күдікті ферма шаруашылығы аумағында өзіне қол салды.