Өңірлер

Отырар ауданының тұрғыны үйіне ұрлыққа түскен көршісі екенін білді

© AFP 2024 / Damien MeyerЛоготип Google на планшете
Логотип Google на планшете - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұры есіктің ашық қалғанын байқап, жаңа планшетті алып кеткен. Күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері планшет ұрлады деген күдіктіні Алматы қаласында ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.  

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреу үйінен Samsung планшетін ұрлап кеткенін жеткізген. Жәбірленуші әйелге 70 мың теңге көлемінде шығын келген.

Қылмысты ашу мақсатында аудандық полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары күдіктіні Алматы көшелерінің бірінен ұстады. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Бүгінгі таңда күдікті өз кінәсін толығымен мойындап отыр.

Қарағандыда сырттан үйіне келген ер адам жантүршігерлік қылмыстың үстінен түскен

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам жәбірленушінің үйіне қонаққа келген, әйел көршісіне сатып алған планшетін көрсеткен. Арада біршама уақыт өткен соң үй иесі ауруханаға баратын болып, көршісімен бірге үйден шыққан. Ұры есіктің ашық қалғанын байқап, бірер минуттан кейін қайтып келіп, жаңа планшетті алып кеткен.

Қазіргі таңда полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.     

Жаңалықтар
0