Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 5-сынып оқушылары үшін кезекші топтар ашу жоспарланып отырған жоқ

© Sputnik / Абзал КалиевПарты с разметкой для соблюдения социальной дистанции в дежурном классе
Парты с разметкой для соблюдения социальной дистанции в дежурном классе  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бесінші сыныптардың кезекші топтарын іске қосу мәселесі ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында шешіледі

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда орта мектептердегі бесінші сынып оқушылары үшін кезекші топтар ашу әзірге жоспарланып отырған жоқ. Sputnik Қазақстанға ақпаратты елорда әкімдігі растады.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар вирусты қай жерде жиі жұқтыратыны белгілі болды 

"Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан "қауіптің сары аймағында", осыған байланысты орта мектептерде бесінші сыныптар үшін, ал халықаралық мектептерде жетінші сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарланып отырған жоқ. Бесінші сынып оқушылары үшін кезекші топтардың іске қосу мәселесі ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында қаралады", - делінген хабарламада.

Екінші тоқсанда мектептердің қызметінде ешқандай өзгеріс болмайды.

"Мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін 15 балаға дейін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Санитарлық нормалар қатаң сақталады. Білім беру ұйымдарының жұмыс режимі эпидемиялық жағдайға байланысты болады. Ата-аналар мен балаларға қосымша ақпарат беріледі", - деп толықтырды әкімдік.

Қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанды қашықтықтан аяқтап, 5-нен 14 қарашаға дейін күзгі демалысқа шықты.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары COVID-19 індетінің "қызыл" аймағына енгені туралы хабарланған болатын. "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы.   

Жаңалықтар
0